Бүйірі тоқ бюджет: түсім артып, қысым көбейді ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Мұсылманбыз. Шайтанның арбауына ердік”: Айзат Жұманованың күйеуі кінәсін толық мойындады

“Мұсылманбыз. Шайтанның арбауына ердік”: Айзат Жұманованың күйеуі кінәсін толық мойындады
Фото: ашық дереккөз

Талдықорған қаласында 32 жастағы Айзат Жұманованың қазасына қатысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Айбар Жанболат жарыссөз барысында соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Сот залында ол марқұм жұбайын қасақана өлтіру ниеті болмағанын тағы да қайталап, өз ұстанымын жеткізді.

Айбар Жанболаттың айтуынша, қайғылы оқиға алдын ала жоспарланбаған және абайсызда болған. Ол бұған дейінгі сот отырыстарында да өзіне тағылған «қасақана кісі өлтіру» айыбын мойындамай келген.

«Істеген ісім үшін жауапкершіліктен қашпаймын. Бірақ өлтіремін деген ойым да, ниетім де болған емес. Бұл — абайсызда болған жағдай. Мұсылман адамбыз, шайтанның арбауына еріп қалдық деп ойлаймын. Кешірім сұраудан басқа айтарым жоқ. Қандай жаза берілсе де, толық өтеймін», — деді айыпталушы сотта сөйлеген сөзінде.

Оның сөзінше, оқиға болған күні ерлі-зайыптылардың арасында тұрмыстық жанжал туындаған. Айбар Жанболат жанжал барысында әйелін бет тұсынан шапалақпен ұрғанын мойындап, бұл әрекетке қызғаныш себеп болғанын алға тартты.

Сонымен қатар, тергеу материалдарына сәйкес, марқұм Айзат Жұмановаға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық бұған дейін де жүйелі түрде жасалған болуы мүмкін деген нұсқа қарастырылып жатыр. Бұл дерек қоғамда үлкен алаңдаушылық туғызып, іс кең қоғамдық резонансқа ие болды

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.