"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айтыскер мен жұбайының қазасына қатысты тың дерек шықты

Айтыскер мен жұбайының қазасына қатысты тың дерек шықты
Ашық дереккөзден

Айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымовтың қаза тапқан жол апаты туралы тың дерек шықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға 16 маусым күні таңғы сағат 07:00 шамасында Ақмола облысындағы Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 231-шақырымында болған.

Полиция мәліметінше, тасжолда Chevrolet Tracker жеңіл көлігі мен КамАЗ жүк көлігі бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Кейін олардың Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы екені белгілі болды.

Сондай-ақ жол апатынан тағы екі адам түрлі дене жарақатын алып, медициналық көмекке жүгінген.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қостанайда тіркелген КамАЗ Астана бағытына карьер жұмыстарына арналған шамамен 20 тонна жарылғыш зат тасымалдап бара жатқан. Жүргізушінің қауіпті жүк тасымалдауға рұқсаты болған, ал көлікте күзетші де болған.

Тергеудің алдын ала болжамына сәйкес, Chevrolet Tracker қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Құқық қорғау органдары жеңіл көлік жүргізушісінің рөлде қалғып кетуі мүмкін деген нұсқаны да тексеріп жатыр.

Апаттан кейін жарылыс немесе өрт болмаған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметтері жұмыс істеп, аумақ қоршауға алынды. Қазір жол-көлік оқиғасына байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.