Қоғам

Әйелі өзінен 30 жас кіші: Қазақстандық жұп көптің қызу талқысына түсті

Әйелі өзінен 30 жас кіші: Қазақстандық жұп көптің қызу талқысына түсті

Желіде жас айырмашылығы 30 жас қазақстандық отбасы қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Ерекше отбасы жайлы журналист Нұрсұлтан Мейірбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Жазба авторының айтуынша, Омар мен Аида Астанада танысқан, биыл отандасқарына 11 жыл болған, бүгінде 3 бала тәрбиелеп отыр. 

"Күйеуі 30 жас үлкен. Бақыт пен махаббат дүние, даңқ, жас пен жоқшылыққа қарамайды. Оған дәлел, осы ерекше отбасы. Жас айырмашылығы 30 жас. 3 тәтті баланың ата-анасы. Омар аға (ата десем ренжіді) мен Аида ханым Астанада кездесіп, танысқан, отандасқандарына биыл 11 жыл. Омар мырза Қостанайға барып, қыздың қолын сұрап, ағайынның рұқсатымен жар еткен. Ешқандай бақытсыз бейне көрмедім, бірақ бір ғана уайымы – баспана. Бірақ, “Басымызда баспана болмаса да , осы күнімізге шүкір” деп отыр. Ата күніне 7000 теңге алатын жұмыс істейді, Аида ханым декреттік демалыста. Сөзіне сенсек, биыл жерлестері жиналып, көктемде үй әпермек ойлары бар екен! Бұйырса сол бақытты сәтті асыға күтейік. Ал, оқырман, бұндай да бақыттың түрі ба екенін біле жүрсеңіздер! Жақсылық тілейік ба екенін біле жүрсеңіздер! Жақсылық тілейік”, – деп жазды ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz