KZNews.kz
Әлем

Әйелді көлікпен қағып өлтіріп, кінәні өз мойнына алмағаны үшін әкесін балталап тастаған

Дархан Тоқан
Фото: Жасанды интеллект / Kznews.kz

Ресейдің Алтай өлкесінде бір күннің ішінде екі бірдей адам өліміне қатысты ауыр қылмыс тіркелді. Тергеу нұсқасына сай, жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетіп, кейін жауапкершілікті әкесіне жүктемек болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 2026 жылғы 24 ақпан күні таңертең Кулунда ауылында болған. Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, 40 жастағы ер адам жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 63 жастағы әйелді көлікпен қағып кеткен. Әйел оқиға орнында көз жұмып, жүргізуші тоқтамай, апат орнынан қашып үлгерген.

Жергілікті тұрғындар арасында тараған ақпаратқа қарағанда, марқұм мектепте еңбек еткен болуы мүмкін. Кейбірі оны №5 мектеп асханасында аспаз болған деп жазған. Алайда бұл мәлімет ресми органдар тарапынан нақты расталған жоқ.

Ведомствоның нұсқасына сай, апаттан кейін күдікті әкесінің үйіне барып, жол-көлік оқиғасына қатысты «кінәні өз мойнына алып беруді» талап еткен. Әкесі келіспеген соң, күдікті балта алып, ауыр соққылар жасаған, әкесі сол жерде қаза тапқан делінеді.

Күдікті сол күні ұсталған. Қазір оған екі адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →