Астана маңындағы Жібек жолы ауылында жантүршігерлік қылмыс болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтік желі мен кейбір БАҚ беттерінде Жібек жолы ауылында ер адам өзінің әке-шешесін және қарындасын жауыздықпен өлтіріп, денелерін бөлшектеп, жан-жаққа көмік тастағаны туралы айтылып жатыр.
Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаны растады. Бірақ нақты не болғанын нақтылаған жоқ.
«Жібек жолы ауылындағы адам өлтіру фактісіне қатысты мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде әртүрлі қауесет пен нақтыланбаған ақпарат тарап жатыр. Осы қылмысқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Күдіктінің ізін суытпай ұстап, уақытша қамау изоляторына қамадық», - делінген хабарламада.