KZNews.kz
Шоу-бизнес

Айдана Меденова ешкім күтпеген жаңалығымен бөлісті

Ayzhan Sylanova
Фото: әлеуметтік желіден

KeshYou тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова өнер әлеміне қайта оралатынын жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Айдана тыңдармандарына бұл шешімді асығыс талқыламауды, сондай-ақ «сыни пікірлерге сабыр сақтау» керектігін ескертті.

Бұған дейін ол дінге бет бұрып, шоу-бизнестен уақытша қол үзіп кеткені белгілі болған. Енді өнер иесі өзіне жақын музыкалық стильде шығармашылығын жалғастырмақ.

Желіде жариялаған видеосында Айдана сахнаға қайта шығатынын және өзіне жайлы бағытта өнер көрсетуді қалайтынын жеткізді. Оның айтуынша, «үйлену тойлары болсын немесе ресми концерттер болсын, бастысы – өз жолыма қайта оралып жатырмын».

Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, түрлі пікірлерге себеп болды. Бірі оның сырт келбеті мен өткен таңдауын сөз етсе, енді бірі қолдау білдіріп, алдағы шығармашылығына табыс тіледі.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары