Жаңалықтар

"Менің шындығым": Айдана Меденова үлкен мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"Менің шындығым": Айдана Меденова үлкен мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

"КешYou" тобының бұрынғы мүшесі Айдана Меденова шығармашылығына қатысты маңызды мәлімдеме жасап, ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралатынын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі жеке парақшасында өзіне қажет болған тыныш кезең туралы айтып, шығармашылықтан уақытша алыстауының себебін түсіндірді.

"Әр нәрсе өз уақытында деп ойлаймын. Менің айтып жатқанымды біреу түсінер, біреу түсінбес. Бірақ шындық осы. Мен ол кезде ән айтуды қаламадым. Бар уақытымды рухани дамуға, өзіме, жанұяма, денсаулығыма арнадым. Мен сахнаға, өзіме, әндеріме, шығармашылығыма ораламын. Бәлкім көп концертке қатыспаймын. Өзіме келетін форматтарда, мүмкін ұзату тойларда, мемлекеттік концерттер бой көрсетім мүмкін. Өзімнің жанрымда, өзіме ұнайтын әндерімді орындасам деймін. Шығармашылығымды жалғастырамын. Ешкімге асығыс шешім шығармаңыздар! Тым тез сынамаңыздар! Өйткені ол адамның өмірінде қандай қиыншылықтар болып жатқанын ешкім білмейді", – деді ол.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz