Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айбек Дәдебай “Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды

Айбек Дәдебай “Әділет” партиясының төрағасы болып сайланды
Фото: akorda.kz

7 мамыр күні өткен құрылтай съезінде Айбек Дәдебай жаңадан құрылған “Әділет” саяси партиясының төрағасы болып сайланды. Партияның құрылуы ресми түрде жарияланып, оның президенттік реформалар бағытын қолдайтыны мәлімделді, деп хабарлайды kznews.kz.

Съезд барысында партия мүшелері саяси кеңес құрамын бекітіп, жарғысын қабылдады. Сондай-ақ делегаттардың бірауызды шешімімен бұрынғы Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай партия төрағасы болып сайланды.

Ресми мәліметке сәйкес, құрылтай съезіне Қазақстанның барлық өңірінен 1000-нан астам делегат қатысқан.

Айбек Дәдебай кім?

Айбек Дәдебай 2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін тәмамдаған. 2003 жылы осы оқу орнында аймақтану мамандығы бойынша магистратураны аяқтап, магистр дәрежесін алған. Еңбек жолында ол халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы, Парламент Сенаты Аппаратының халықаралық ынтымақтастық бөлімінде сарапшы, Сенат төрағасының міндетін атқарушы көмекшісі қызметтерін атқарған.

Әр жылдары Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы тұрақты өкілдігінде атташе және үшінші хатшы болып жұмыс істеді. Сонымен қатар Сенат төрағасы хатшылығының меңгерушісі, Президент Канцеляриясы басшысының орынбасары қызметтерінде болды. 2021 жылдың мамырынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Президент Іс басқарушысының орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы болып тағайындалды.

2024 жылғы 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігінің басшысы қызметіне кірісті. Еске салсақ, 5 мамыр күні Президент Жарлығымен Айбек Дәдебай басқа қызметке ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің басшысы қызметінен босатылған болатын. Оның орнына бұл лауазымға Роман Скляр тағайындалды.

Айта кетейік, биыл сәуір айының ортасында саясаттанушылар, журналистер және қоғам белсенділерінен құралған бастамашыл топ “Әділет” атты жаңа саяси партия құру бастамасын көтерген болатын. Партия өкілдерінің айтуынша, “Әділет” прогрессивті реформаларды, “Әділетті Қазақстан” идеясын, заң үстемдігін нығайтуды және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейтуді қолдайды.

Партияның басты мақсаты — жаңа Конституция қағидаттары мен ұлттық құндылықтар негізінде Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау.

16 сәуір күні партияның ұйымдастыру комитеті Әділет министрлігіне саяси бірлестік құру туралы ресми хабарлама тапсырған.

Партия өкілдерінің мәліметінше, құрылтай съезіне дейін ұйымға 9312 адам мүше болған. Осылайша заңда көрсетілген 5000 мүшелік межеден асқан. Сонымен қатар әр облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан кемінде 200 мүшеден жиналу талабы да толық орындалған.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.