KZNews.kz
Қоғам

Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының жоғалған беттері табылды

KZNEWS

Бұл – "Әдебиет танытқыштың" соңғы беттері. Осы жаңалық туралы мұратанушы Әділет Ахметұлы мәлімдеді. Бұған дейін зерттеушілер аталмыш еңбектің толық емес нұсқасын оқып келген еді, деп жазады Kznews.kz  "Айқын" газетіне сілтеме жасап.



- Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет таныт­қышының" соңғы беттері табылды. Жәдігер мұраның соңғы беттері жыртылмаған нұсқа­сы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап­ханасының Сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында болып шықты. Бұған дейін алаштанушы ғалымдар, олардың ізін басқан жастар сан рет шиырлаған қазыналы қордан арнайы іздегенде табылмай, кездейсоқ ұшырасып қалғанына өзіміз де таңбыз, – деп жазды ғалым.

Ғалымның сөзінше, жоғалған парақтар саны – екеу. Ахмет Байтұрсынұлы осы екі парақта "Айтыс-тартысқа" жататын бес атауды қысқаша ғана таныстырған.

Бүгінде осы бір нұсқа Қазақстанның ұлттық электронды кітапхана сайтына жүктелген.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары