Желіде ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны туралы ақпарат тарады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Ағасы үйге іздеп келді»: Әжетханадан табылған Асылым жайлы көршісі пікір білдірді

«Ағасы үйге іздеп келді»: Әжетханадан табылған Асылым жайлы көршісі пікір білдірді

Көршісінің әжетханасынан өлі табылған 3 жастағы Асылымның мәйіті 20 мамырда жер қойнына тапсырылды. Бүлдіршіннің әкесі көршісіне еш реніші жоқтығын, баласының ойнап жүріп оқыс жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен бүлдіршіннің денесі көршісінің әжетханасынан табылған болатын. Асылымның әкесі мен көршісі қайғылы жағдай пікір білдірді

"Мұны өзіміз де білген жоқпыз. 16 мамырда ағасы үйге іздеп келді. Жарты сағаттан кейін далаға шығып, әлі табылмапты. Содан күні-түні ұйықтамай, үш күн қарадық. Бармаған жеріміз қалмады. Ақырында біздің үйдің әжетханасынан шықты. Болғаны сол", – дейді көршісі.

Әкесі көршісіне ешқандай реніші, қызының ойнап жүріп, түсіп кеткенін айтты.

Айта кетейік, үш жасар Асылым 16 мамырда Сарыағаш ауданы Сіргелі ауылында жоғалып кеткен. Таңертеңгі сағат тоғыздар шамасында қақпаның жанында ойнап жүріп, артынша із-түзсіз жоғалып кеткен.

фото: Inbusiness.kz

Автор
Нұрсұлтан