“Бұл қаланы жақсы көремін“ - Рыбакина Алматы туралы жылы лебіз білдірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әділет министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды

Әділет министрлігіне жаңа вице-министр тағайындалды
Айдар Жарылғанов. Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айдар Төлетайұлы Жарылғанов әділет вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Айдар Жарылғанов 1978 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Ол "Семей" мемлекеттік университетін және "Әділет" жоғары құқық мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Астанадағы «Ақ Орда» жобалау-құрылыс компаниясында инженер болып бастаған.

2001-2002 жылдары Қазақстанның Мемлекеттік кірістер министрлігі Заң департаментінде жетекші маман қызметін атқарды.

2002-2007 жылдары Қаржы министрлігінде жетекші маман, бас маман, бөлім бастығы және басқарма бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2007-2008 жылдары Президент Әкімшілігінің Заңнама және құқықтық сараптама бөлімінде бас сарапшы болды.

Ал 2008-2023 жылдары Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінде сарапшы, консультант, инспектор және сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2023 жылғы қаңтардан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімін басқарған.

Қазіргі уақытта Айдар Жарылғанов Әділет министрлігінің ресми құрылымында вице-министр ретінде көрсетілген.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер