KZNEWS.KZ
Қоғам

Әділет министрлігі: NCOC-тен 2,3 трлн теңге өндіріп алу тоқтатылған жоқ

• Қалмаханбет Мұқаметқали
Фото: ашық дереккөздерден

Кеше "Қашаған-айыппұл: 2,3 трлн теңгелік өндіріс уақытша тоқтады" деген тақырыппен материал жариялаған едік. Бүгін құзырлы орган мәселеге орай түсінік берді.

Осылайша Әділет министрлігі NCOC компаниясынан 2,3 трлн теңге көлеміндегі экологиялық айыппұлды өндіріп алу тоқтатылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Министрліктің түсіндіруінше, атқарушылық іс жүргізу тек компанияның сот орындаушысының әрекетіне шағымдануына байланысты уақытша тоқтатылған. Шағым Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралып жатыр.

- Сот материалдарды қайтарғаннан кейін 2,3 трлн теңгені өндіріп алу рәсімі қайта жалғасады, - деп мәлімдеді Әділет министрлігі.

Қалмаханбет Мұқаметқали
Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
Автордың басқа материалдары →