Электр энергиясы қымбаттайды: Алматы мен облыс тұрғындары неге алаңдайды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қашаған-айыппұл: 2,3 трлн теңгелік өндіріс уақытша тоқтады

Қашаған-айыппұл: 2,3 трлн теңгелік өндіріс уақытша тоқтады
Фото: ашық дереккөздерден

Еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қашаған кен орнындағы экологиялық талаптардың бұзылуына байланысты NCOC компаниясынан өндіріп алуы тиіс 2,3 трлн теңге айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алу рәсімі уақытша тоқтады.

Жалпы, Әділет министрлігінің атқарушылық іс жүргізу жүйесіндегі дерекке сәйкес, өндіріп алу туралы іс 7 қыркүйекте тоқтатылған екен. Ал бұл істің негізі Каспий теңізіндегі Қашаған кен орнында күкіртті рұқсат етілген көлемнен артық сақтау мәселесіне қатысты болған. Экологиялық тексеру нәтижесінде Қазақстан тарапы NCOC-ке және оның мердігерлеріне ірі көлемде айыппұл салған еді.

Алайда, мәселе енді Қазақстанның ішкі атқарушылық өндірісімен ғана шектелмейді. NCOC айыппұлға халықаралық арбитражда дау айтып отыр. 16-шілдеде UNCITRAL арбитражы Қазақстан билігіне арбитраж шешімі шыққанға дейін айыппұлды мәжбүрлеп өндіріп алуға тыйым салатын қамтамасыз ету шарасын қабылдаған болатын.

Дегенмен, қазіргі шешімді Қазақстанның 2,3 трлн теңгеден бас тартуы деп түсінуге болмайды. Бұл өндіріп алу процесінің уақытша тоқтауы. Айыппұлдың түпкілікті тағдыры халықаралық арбитраждағы даудың нәтижесіне тәуелді болмақ.

Айтпақшы, NCOC құрамына Shell, TotalEnergies, ExxonMobil және CNPC секілді ірі халықаралық компаниялар кіреді.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.