"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әдемі кетті: қазақстандықтар Назарбаевтың кететіні туралы жаңалықты қалай қабылдады - Қазақстан жаңалықтары

Әдемі кетті: қазақстандықтар Назарбаевтың кететіні туралы жаңалықты қалай қабылдады - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдемесінен кейін қазақстандық ғаламтор қызу талқыға кірісті.  "Өсу бойынша жылдамдық: дыбыс жылдамдығы, жарық жылдамдығы, Назарбаев туралы ақпараттың тарау жылдамдығы", - деп пікір білдіруде қолданушылар дүрлікпе туралы, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде Жарлыққа қол қойылуын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің туған күніне орай күтпеген тосынсый болғанын жазуда - кеше Байбек 45 жасқа толды.

Жалпы, президенттің соңғы мәлімдемесінің күні мен уақыты, яғни 2019 жылдың 19 наурызы, көптеген қолданушының назарын аударды.

Сондай-ақ, көршілес Қырғызстанның тұрғындарына да сауал жолданды. "Өтініш, кеңес беріңіздерші, президент ауысқан кезде не істеу керек? Әйтпесе біз білмейміз". Оған жауап ретінде ресейліктер: "Неліктен Назарбарев челленджді біздің президентке бермеді?" - деп сұрауда.

Сонымен қатар қазақстандықтар президенттің міндетін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынына да әзілмен қарады.

"Одноклассники" желісінде Тоқаевқа қалай жазылуға болады?", "Енді екінші президент күні қашан демаламыз?" - деп әзілдеді қазақстандықтар әлеуметтік желіде. 

Весь Казахстан вздрогнул когда узнал имя нового президента pic.twitter.com/wXSfrgJZEt

Ал қазақстандықтардың дені әзілді қойып, президентке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз


stan.kz
Автор
Бауыржан