«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Адам иммунитетінің коронавирусқа қарсы дәрменсіздігі анықталды - Қазақстан жаңалықтары

Адам иммунитетінің коронавирусқа қарсы дәрменсіздігі анықталды - Қазақстан жаңалықтары

АҚШ-тың Бостон балалар ауруханасы мен Массачусетск технологиялық институтының ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру механизмін анықтап, инфекцияға қарсы ағзаның қандай жасушалары әлдеқайда әлсіз екенін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Олардың зерттеулері Cell журналында жарияланды. 

Мұнымен қоса америкалық ғалымдар адамның жұқпалы ауруларға қарсы иммундық жүйесі коронавирусқа қарсы дәрменсіз екенін айтып отыр. Мамандар вирус тарайтын түрлі дене мүшелерінің тері жасушаларына талдау жасаған. Атап айтсақ, зерттеушілер мұрын қуысының, өкпе және ішектің сілемейлі қабығына бақылау жүргізіпті. 

Осылайша олар ағзада вируспен күресуге бөлінетін интерферон инфекцияға төтеп берудің орнына, керісінше, оның таралуына септігін тигізетінін анықтапты. Бұл дегеніміз қазіргі күні COVID-19-ды емдеуде қолданылатын интерферон кейбір науқастардың жағдайын ушықтырып жіберуі мүмкін екен. 


stan.kz
Автор
Айбар