KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әбдіжаппар Әлқожа өзінің "ұры әнші" екенін тағы да мойындады

KZNEWS

Соңғы уақытта орындаған әндері хит болып жүрген әнші Әбдіжаппар Әлқожа әзірбайжандық әншінің туындысын ұнатып, "ұрлап алғанын" мойындады.

Оқырмандарына видео-үндеу жолдаған отандық әншінің ұнатқан әнін бұрын Ернар Айдар орындаған болып шықты.

"Сіздерді альбомыма қосылған соңғы әнмен таныстырғым келіп отыр. Әзірбайжандық Асиф Меххеремов есімді әншінің "Geche-geche" деген әні.

Өзіме қатты ұнады. Бұл әнді бұрын Ернар Айдар орындаған екен. "Мына бала енді ұрламаймын деген еді. Тағы да ұрлапты ғой" десеңіздер, мойындайыншы", - дейді ағынан жарылған әнші.

 
KZNEWS
Автордың басқа материалдары