KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Абай Бегейдің жүкті қызы зорлық-зомбылыққа қатысты видео түсіріп, жұртты шошытты

• Айгерім Асылова

Танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты видео жариялады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер жақында тұңғышын дүниеге әкеледі.

“Жағдай осындай. Енең мезгілсіз үйге кеп қалғанда”, – деп жазды Сымбат. Видеодан блогердің бет-әлпетінің көгергенін көруге болады.

Желі қолданушылары блогердің іс-әрекетін аямай сынады.

“Өзің босанайын деп отырып, неге жағымсыз видео түсіресің”, “Әжем мұндайды “тәйт әрі” дейтін”, “Енесі болып ештеңе айтпағаны қызық екен”, “Тренд дегендерің бар болсын”, “Тым жақсы отбасы едіңдер, жағымсыз іс-әрекеттерің дұрыс емес”, “Ұрып-соғудан құдай сақтасын”, – деп жазды көпшілік.

 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →