KZNews.kz
Қоғам

Абай облысында орман өртенді: Шипажайға қауіп төнді

KZNEWS

Ресей аумағынан шыққан өрт Абай облысының шекаралас аумағына тарады. Жалын "Семей орманы" табиғи резерватына тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі.


Қазір өрттің ауданы – 70 га. Өңірдің ТЖД мәліметінше, алаудың "Березовка" шипажайына таралу қаупі бар.

Өртті ТЖД-ның 40-тан астам қызметкері және орман шаруашылығының 150-ден астам қызметкері сөндіруде. 60 бірлік техника жұмыс істейді.

Полиция халыққа ескерту жасады. Ауылға кірер жолда жедел облыстық штаб ашылды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары