Облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерді бақылай отырып, Lexus NX200 көлігі жүргізушісінің құқық бұзушылық жасағаны туралы видеоны анықтағанын айтты.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 жастағы азаматты анықтады, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (Қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану қағидаларын сақтамау) әкімшілік хаттама толтырылды.
фото: nur.kz“Белгілі болғандай, жүргізуші көлікті қауіпсіздік белдігінсіз басқарған. Сондай-ақ көлікте арнайы балаларға арналған орындық болмағаны анықталды”,– деді полиция.