Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Абай облысындағы сұмдық: Үйінді астынан ерлі-зайыптының денесі табылды

Абай облысындағы сұмдық: Үйінді астынан ерлі-зайыптының денесі табылды
Видеодан алынған кадр

Курчатов қаласында ерлі-зайыптылардың үйінді астында қалғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға орнында түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде жарияланған, деп хабарлайды kznews.kz.

Halyqstan Telegram арнасының дерегінше, 14 наурызда салынып жатқан дәмхананың қабырғасының бір бөлігі құлап кеткен.

“Құрылысы жүріп жатқан “Арбат” кафесінің қабырғасының бір бөлігі құлады. Куәгерлердің айтуынша, төтенше жағдай қызметкерлері оқиға орнына келіп, қирандылар астынан екі адамның денесін шығарған кезде де дәмханада музыка ойнап тұрған. Адамдарың қаза тапқанынан қарамастан іс-шара тоқтамаған. Абай өңірінің тұрғындары мұны арсыздық деп атады”, – делінген хабарламада.

Абай облысы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

“Қазір құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс аясында сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп мәлімдеді ведомство.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.