Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған әскери қызметкер сотталды - Қазақстан жаңалықтары

9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған әскери қызметкер сотталды - Қазақстан жаңалықтары

Семей гарнизонының әскери соты азық-түлік қоймасынан бір жылға жуық уақыт бойы азық-түлік ұрлаған сержантқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Сот барысында әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырғаны анықталған. Оны "есептен шығарылды" деп әріптестеріне сатқан. Осылайша қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келген.

Ал ұрлық жасаған әскери қызметшінің 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, ол "сержант" әскери шенінен айырылды.

 


stan.kz
Автор
Данияр