Әлеуметтік картина - 2025: өсім баяу, көңіл қаяу...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

80 миллион теңге жымқырған Қызылорданың экс-әкімі 8 жылға сотталуы мүмкін

80 миллион теңге жымқырған Қызылорданың экс-әкімі 8 жылға сотталуы мүмкін

Қызылорда облысының экс-әкімі 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. "Қомақты қаржы жымқырды" деп айыпталған Қуанышбек Ысқақовқа мемлекеттік айыптаушы осындай жаза талап етті.

Бұл туралы "Астана" телеарнасы хабарлайды.

Еске сала кетсек, өңірдің бұрынғы басшысы, сондай-ақ оның орынбасарлары Марат Делмұханов пен Мұрат Имандосов наурыз айында тұтқындалған еді. Оларға "Сыр мейірімі" қоғамдық әлеуметтік қорындағы 80 миллион теңгені иемденді деген айып тағылды. Олар Арыстағы қойма жарылысынан зардап шеккендерге бүкіл халық болып жинаған қаражатты жымқырған болып шықты.

Тағылған айыптарды экс-әкім мойындамады. Сот үкімі бір күннен кейін шығуы тиіс.

Автор
Әлихан