Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Қазақстаның басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан, ауа райы жауын-шашынсыз. Тек республикның батыс және оңтүстік аудандарда фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын, көктайғақ болады.

Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел соғады.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с, екпіні 28 м/с күшейеді. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, ақжорға жүреді. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 17 м/с-ға дейін күшейеді.

Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ
Автор
Санжар