ка

8-наурыз. Ал, қанеки, қыздар! Ашық сабақ

05.03.2019 08:22
0
3
Сахнада «Адай» күйі ойнап тұрады. Оқушылар 2-2 ден шығады. Ақгүл: -Армысыздар, арманы асқақ алқалы жұртым! Ұлпан: «Адай» күйімен, «Адырна» аталып алдыларыңызға шығуымыздың да өзіндік мәні бар Асыл: Иә, ұлттық рух сананың жаңғыру дәуіріндегі келешегіміздің кемелденуінің баспалдақтарына жасаған қадамдарымыз деп біліңіздер. Айзада:  Біріншіден, Адырна- садақтың оқ тіреп ататын тарамысы болса, біз де сол садақтың тарамысындай негізгі мықты роль атқарғымыз келеді. Гүлайым: Екіншіден, адырна-көп ішекті көне музыкалық аспап. Яғни көненің көзі жаңарып, жаңғырса  деген рухани ой. Асыл: Және осы адырнаның ішектеріндей шертер күйіміз бір болып, Үніміз үндессін! Ендеше: Хормен: Жарқын болсын күніміз, Бірге шықсын үніміз! Аружан: «Әрқашан күн сөнбесін!» деп ән салатын пәк жүректі, ақ тілекті бастауыштың балғындарымыз Бегімай: Өзіндік меніміз қалыптасқан, өз айтарымыз бар, көрсетер өнеріміз бар 3-ші сыныптың алғырларымыз   Қырмызы: Әлі де тәттіге құмар, тамағымыз тоқ, киіміміз көк, ата-аналарымыз үшін өсіп келе жатқан шалғындарымыз. Асыл: Сәбилік тілегімізді әнмен жеткізуді жөн көрдік. / «Ассалаумағалейкум» әнімен/ Думанды бүгін, мереке күнім Адырнаға балайтын Сақтаған салтын, армысың халқым Ассалаумағалейкум! Күніндей нұрлы көктемнің Адырна болып от бердік Көңіл күймен, өнер сүйген халқыма Ән сыйлайын деп келдік.   -Сүйінші! Сүйінші! Сүйінші!  3- ші сыныпқа электрондық почтамен құттықтау келді! -Шын ба? Кімнен келді екен? -Иә,  Жаңа ғана Айдос аға айтты. Мен бұл құттықтауды Рай мұғалімге апарып келейін . -Сөйт, бірге тыңдайық! /Президент тілегі тыңдалады/ Ақгүл: Біз үшін осыдан асқан тілек жоқ-ау, сірә! -Біздің сәби жүрегіміз  /хормен/ -Отан деп соғады! -Елім деп соғады! -Атамекен деп соғады! -Мектеп деп соғады! -Халқым, жұртым деп соғады! -Ата-ана, туған-туыс деп соғады! Асыл: Осы сәбилік тілегімізді қабыл алыңыздар! /Төреғали Төрәлінің «Қазақ қызға үйленем» атты әнімен/ -Сәбилік пәк тілекпен Ізгілікті жүрекпен Аман болсын ауылым Салт дәстүрді түлеткен Ән салайық, қосыла-ай Қарап тұрмай досым-ай Шеттерінен өнерлі Қыздарымыз осындай! қ/сы Эх, бастауыш, қыздар-ай Өнер көрсет, тұрмай-ай Бас жүлдені алайық! Мазақ болмай ұлдарға-ай Қызық болсын, бұл қалай?   Бүгін біз қазақы дәстүрімізді, ән, күй, биімізді жаңғырту мақсатында «Адай» күйімен шығып, «Балбырауынның» бабымен қайтуды жөн көрдік.  Кездескенше! Дереккөз: bilim-all.kz

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий