Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

70 мың теңгенің шоколадын ұрлаған қазақстандық сот залында босатылды

70 мың теңгенің шоколадын ұрлаған қазақстандық сот залында босатылды


"Merci" және "Қазақстан" шоколадтарын ұрламақ болған Жезқазған тұрғынын супермаркет әкімшілігінің өкілдері сот залында кешірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Ер адамға Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі (Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу), Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша қылмыс жасады деген айып тағылды.

"2024 жылдың 14 желтоқсанында азамат Е., "С" супермаркетінде жұмысшылардың жоғын пайдаланып, жалпы сомасы 71 544 теңге болатын "Қазақстан" маркалы 33 және "Merci" маркалы 22 шоколадты жасырын түрде ұрлап кеткен. Алайда супермаркеттен шығып бара жатқанда күзетшілер тоқтатып, ұрланған заттарды алып қалған", – делінген сот хабарламасында.

Ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінді. Жәбірленуші тарап жауапкермен татуласқанын және қосымша талаптардан бас тартқанын хабарлады. Нәтижесінде сот қылмыстық істі қысқартып, азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қаулы заңды күшіне енді.





Автор
Данияр

Журналист