Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"7 айға толды": Әли Оқапов алғаш рет ұлын көрсетті (ФОТО)

"7 айға толды": Әли Оқапов алғаш рет ұлын көрсетті (ФОТО)

Жұлдызды жұп Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай көпшілікке Зейінді көрсетті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


Зейін Әлиұлы 7 айға толды. Әнші Әли Оқапов әлеуметтік желіге ұлының суретін жүктеп, жазба жариялады.

“Зейін бүгін 7 айға толды. Бұл суретті біз бірнеше ай бұрын жасағанбыз. Қазіргі Зейінмен салыстырсаң - екі бөлек адам сияқты. Шынымен де, уақыттың зымырағанын баланың өсіп кеткенінен анық байқайсың. Бар тілегім аман-есен өсіп, денің сау болса болды. Тағы бір айың құтты болсын балам”, – деп жазды әнші.

Ақерке Бүркітбай да ұлына ақ тілегін арнап, жазба қалдырды.

“Әкесінен аумай қалған ботақаным! Аман бол! Денсаулығың мықты болып, нағыз азамат болып ер жет. 7 айға толуыңмен”, – делінген жазбада.

Желі қолданушылары Зейінді әжесі Роза Қуанышқызына ұқсатты.

“Роза әжесінің көшірмесі”, “Роза апайға ұқсайды”, “Әжесі Роза Рымбаеваға ұқсап тұр, ғұмырлы болсын”, “Әжесіне ұқсайды балапан! Аман болсын”, “Апасына ұқсайды екен”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары