Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

61 жастағы әйел гей ұлына бала туып берді - Қазақстан жаңалықтары

61 жастағы әйел гей ұлына бала туып берді - Қазақстан жаңалықтары

АҚШ-тың Омаха қаласының тұрғыны өзінің гей ұлы үшін суррогат ана болды. 

Бұл туралы NBC News басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

2018 жылы Мэттью Эледж пен Эллиот Догерти сәбилі болуды ұйғарған. Догертидің әпкесі экстракорпоральді ұрықтандыру процедурасы үшін өщінің аналық жасушасын ұсыныпты. 

«Небраска – консервативті штат. Біз агенттікке жүгінуге қорықтық. Себебі гей ерлі-зайыптыға деген көзқарасы қандай болатынын білмедік», - дейді Мэтью.

Артынша Мэттьюдің 61 жастағы анасы Сесиль оған көмектесетінін айтыпты.

«Мен күмәнданған да жоқпын. Мұндай маңызды нәрсеге қатысатыныма қатты қуандым», - дейді Сесиль.

Әйел ЭКҰ алдында тиісті дайындықтан өтіп, жүктілігі сәтті өтті. ол 25 наурызда қыз баланы дүниеге әкелді. Нәрестеге Ума Луиз деген есім берген. 
 


stan.kz
Автор
Бауыржан