"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

600-ге жуық блогер табысын өтірік көрсеткен: салықшылар оларға 30 күн берді

600-ге жуық блогер табысын өтірік көрсеткен: салықшылар оларға 30 күн берді

Мемлекеттік кірістер комитеті кейбір блогерлер табысын жасырып, салықтан жалтарып жүргенін хабарлады, деп жазады деп хабарлайды Ulysmedia.kz.





БЛОГЕРЛЕР ЖАЙЛЫ

Комитет түрлі ақпарат көздерінен алынған деректерді зерттеп, салық декларацияларының мәліметтерімен салыстырған. Соның қорытындысы бойынша 594 тұлғаға 53,3 млрд теңге бойынша табысқа сәйкессіздік анықталған. Соның нәтижесінде ағымдағы жылдың 13-14 ақпан аралығында «кірістерді төмендету» бұзушылықтары бойынша камералдық бақылау хабарламалары жіберілген.

Хабарламаны орындау мақсатында дербес есептелген салықтарды төлей отырып, қосымша салық есептілігін тапсырылады немесе хабарламамен келіспеген жағдайда түсіндірмені ұсыну қажет. Хабарламаның орындалу мерзімі 30 жұмыс күнін құрайды, – делінген комитет хабарламасында.

Сонымен қатар, салықшылар табыс алу кезінде салықтарды төлеу қажеттілігіне, оның ішінде әртүрлі интернет-ресурстарында онлайн-жарнамаларды жариялауға (ақпараттық өнімдерді жылжыту немесе сату, әртүрлі оқыту курстарын сату, ұтыс ойындарын өткізу және т.б.) назар аударады. Көрсетілген міндеттемелер Конституция мен Салық кодексінде белгіленгенін ескертеді.

САЛЫҚШЫЛАР ІЗГЕ ТҮСТІ

Кәсіпкер, блогер Әлішер Елікбаев өзінің желідегі парақшасына өзіне және таныстарына салық органдарынан хат келе бастағанын жазған еді. Оның сөзінше, 14 ақпаннан бастап блогерлер, инфлюенсерлер, ақпараттық бизнес өкілдері, спортшылар және танымал адамдар жаппай салық органдарынан "валентинка" (ескерту) ала бастаған. "Менің берешегім басқаларға қарағанда әлдеқайда аз – бар болғаны 5 миллион теңге. Бірақ өзімді дұрыс табыс таппай жүрген адамдай сезініп отырмын. Тіпті, жұбайымның шағын жеке кәсіпкерлікке тіркелген салық сомасы 100 миллион теңгеге жеткенін көріп таңғалдым” дейді ол.

Автор
Данияр