Тоқаев келесі президент сайлауы қашан өтетінін айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

6 жасар қазақстандық шахматшы Ташкентте медаль алды

6 жасар қазақстандық шахматшы Ташкентте медаль алды

Алты жасар Бибісара Абылайқызы Батыс Азия шахмат чемпионатында елге қола медальмен оралды.

Бұл туралы облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы хабарлайды. Ведомство таратқан хабарламаға сәйкес, шахматтан Батыс Азия чемпионаты Ташкент қаласында өтті, оған 11 елден келген 200-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның намысын түрлі жастағы 22 спортшы қорғаған.

Олардың сегізі ғана жүлделі орын алды. Бибісара Абылайқызы алты жаста, ол Қазақстан құрамасында алты жасқа дейінгі категорияда рапид және классикалық жарыста сынға түсті.

Айта кетсек, Бибісара Тараз қаласындағы №2 облыстық мамандандырылған олимпиада жеткіншектерін даярлайтын балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) жоғары санаттағы бүкіләлемдік инструкторы Нұргүл Иланбекованың жетекшілігімен дайындалып жүр. Шахматтан басқа, қыз бала ән айтып, жүзумен айналысады, ағылшын тілін меңгеріп жүр. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Бауыржан