Грузияның Имерети өңірінде полиция қызметкерлері есірткі заттарын ірі және аса ірі көлемде заңсыз сатып алу, сақтау және тарату күдігімен екі шетел азаматын қолға түсірді, деп хабарлайды kznews.kz.
Күдіктілер — 2008 жылы туған Қазақстан және Украина азаматтары. Олар әртүрлі уақытта ұсталған.
Тергеу барысында олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтау және сату әрекеттеріне қатысы бары анықталған. Тінту кезінде күдіктілердің жеке заттары мен уақытша тұрып жатқан жерінен есірткі тәркіленді.
Сондай-ақ тергеу эксперименті кезінде ұсталғандар метадонды сату үшін алдын ала дайындап қойған жасырын орындарды көрсеткен. Бұдан бөлек, полиция есірткіні бөлшектеп орауға арналған құралдарды да айғақ ретінде алған.
Аталған дерек бойынша іс Грузия Қылмыстық кодексінің 260 және 260-баптары бойынша тергеліп жатыр. Бұл баптар 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына түрмеге қамау жазасын қарастырады.