Қоғамдық пікір: жұрт саяси жүйеге қаншалықты сенім артады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Энергетикалық сусыннан онкологияға ұшыраған 16 жасар қазақстандық Үндістанда көз жұмды

Энергетикалық сусыннан онкологияға ұшыраған 16 жасар қазақстандық Үндістанда көз жұмды
Фото: perizatbolatkyzy5 тредс парақшасынан

Үндістанда ем қабылдап жүрген 16 жастағы қазақстандық жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның онкологиялық ауруға шалдыққаны туралы ақпарат тараған. Туыстарының айтуынша, жасөспірім энергетикалық сусындарды жиі тұтынып, вейп қолданған.

Жақындары уақыт жоғалтпай, оны шұғыл ем алу үшін Үндістанға жеткізген. Алайда, өкінішке қарай, жасөспірімнің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Бұл туралы оның әпкесі Перизат Болатқызы Threads желісінде жазды. Оның айтуынша, науқас жүрегінде пайда болған тромбтың үзілуі салдарынан көз жұмған.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі марқұмның денесі елге жеткізілгенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, барлық консулдық рәсімдер аяқталып, мәйіт туыстарына жерлеу үшін тапсырылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.