KZNews.kz
Шоу-бизнес

58 жастағы жаяу жүргіншіні автобус қағып, мерт қылды

KZNEWS

Қостанайда 58 жастағы ер адамды автобус қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға Қостанай қаласындағы Алтынсарин көшесінде болған.
«Қоғамдық көліктің жүргізушісі 58 жастағы ер адамды соғып кетті. Жәбірленуші ауыр дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 345-бабы (көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі  тергеп-тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Полицейлер ауа райы жағдайларына байланысты көлік жүргізушілерді қала ішінде жүргенде барынша абай болуға шақырды. Дереккөз: ҚазАқпарат  
KZNEWS
Автордың басқа материалдары