Президент мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс сайлау өтеді - Тоқаев
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

50 мыңнан астам қазақстандық педагог біліктілік тестілеуінен өтті

50 мыңнан астам қазақстандық педагог біліктілік тестілеуінен өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Білім және ғылым министрлігі педагог мәртебесін жоғарылату мақсатында аттестаттаудың жаңа түрін енгізген болатын. Тестілеу ағымдағы жылдың 3-5 қараша аралығында жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Еліміздің барлық өңірінен 51 271 мұғалім «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-модератор», «педагог-шебер» санаттарын алу мақсатында тестілеуге қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті.

Орта білім беру ұйымдарының педагогтары Ұлттық біліктілік тестілеуін 36 ЖОО, 2 колледж және 27 мектепте ұйымдастырылған пунктілерде тапсырды. 34 185 педагог тестілеуді сәтті тапсырды, оның ішінде: «педагог-модератор» - 10346 (72%), «педагог-эксперт» - 12215 (65%), «педагог-зерттеуші» - 10957 (65%) және «педагог-шебер» - 667 (53%).

Өткен тестілеумен салыстырғанда қараша айындағы тестілеуде шекті деңгейден өткен педагогтардың саны артқанын байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты өседі.

Ұлттық біліктілік тестілеуі - сұрақ кітапшасы мен жауап парағын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын кешенді тестілеу. «Оқу әдістемесі мен педагогика» модульдері бойынша әзірленген сұрақтардың 70 пайызы пәндік білімге және 30 пайызы педагогика мен әдістемеге бағытталған.

Автор
Бауыржан

Журналист