Шымкенттегі қанды жан-жалға күдіктілердің бір тобы ұсталды: қалғандарын іздестіру жалғасуда (видео)
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

50 блогер 2,5 миллиард теңге табыс тапқанын растап, салық төлеген

50 блогер 2,5 миллиард теңге табыс тапқанын растап, салық төлеген

Қазақстанда блогерлерге табысын декларациялауға қосымша уақыт берілді. Мұны қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.


"Бүгінде 50-ден аса блогер 2,5 миллиард теңге табысын көрсетті. Олар бойынша салық төленді. Қалғандарына қосымша 30 күн уақыт берілді. Наурыздың соңына дейін тексеріп, ақпарат ұсынамыз", – деді вице-министр.

Еске салайық, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті блогерлер 53,3 миллиард теңге табысын жасырып қалғанын айтып, оларға ескерту жолдағанын мәлімдеген еді. Блогерлер 2022-2023 жылдардағы табысы үшін салық төлемегені жайлы хабарлама алған. Блогерлердің сөзіне сенсек, тізімге 8 мыңға жуық адам қосылған. Ал көрсетілген сома бірнеше миллионнан миллиард теңгеге дейін жетеді.

Автор
Данияр

Журналист