KZNews.kz
Шоу-бизнес

5,6, 7 мамыр ауа райы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Маңғыстау, Өскемен

Данияр

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

5-7 мамыр аралығында бірқатар өңірде күн суытады. Кей жерлерде жаңбыр, қар мен бұршақ жаууы мүмкін екені хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Маңғыстау мен Өскеменде бұршақ жауды. Қазгидромет синоптиктері 5-7 мамыр күндері елдің басым бөлігінде күн салқын болатынын айтты.

Сейсенбі күні Өскеменнің кейбір аудандарында бұршақ жауды, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz басылымы. Сынап бағанасы +3 градусты көрсетті.

"Шығыс Қазақстан облысында дабылды ескерту жарияланды. 5 мамырда түнде жаңбыр, қар болады. Ауа температурасы минус 1-6 градусқа дейін төмендеуі мүмкін", - делінген төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Маңғыстауда ауа райы бұзылған болатын. Тұрғындар Жетібай ауылында түсірген видео тарады. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. 

[embed]https://www.youtube.com/watch?v=3EHoELZfmvk[/embed]

Синоптиктер антициклон әсерінен күн суытқанын айтты. 

Оңтүстікте жаңбыр, жыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

"Солтүстік, орталық, шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы өңірлерінде түнде ауа райы 0 градусқа дейін төмендейді", - деді Қазгидрометте.

7 мамырда оңтүстіктен тропосфералық ағын келіп, күн жылиды.


sputniknews.kz
Данияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →