KZNews.kz
Танымал

«46 жасымда аутизммен ауыратынымды білдім»: Танымал актер ұлы мен өзінің дертке шалдыққанын айтты

Ayzhan Sylanova
Фото: kino-teatr.ru

Актердің айтуынша, бұл диагноз оған өмірін қайта бағалауға себеп болған.

«Маған да, ұлыма да бір мезетте аутистикалық спектрдегі бұзылыстар диагнозы қойылды. Бұл жаңалықты қабылдау маған біраз жеңілдеу болды, себебі өмірімнің біршама бөлігін артта қалдырып, түрлі адамдармен қарым-қатынас жасап үлгердім. Психиатрияда бұл 'мимикриялық аутизм' деп аталады – яғни, адамның ішінде өзгеше күй болса да, сырттай бұл байқалмайды. Ол кәдімгі адам сияқты көрінеді, бірақ ішкі әлемі басқаша.

46 жасымда ғана мұны білдім. Өткен өміріме көз жүгіртіп, көп нәрсені ұғындым. Кеңес заманында мұндай ауытқуларға дұрыс диагноз қойылмайтын. Сондықтан өз жағдайымды білмей өстім. Осы диагнозды қабылдаған соң, өмірім жеңілдей түсті. Актерлікті де бейсаналы түрде терапия ретінде таңдаған екенмін. Ал балам үшін бұл жол сәл қиынырақ", - дейді ол.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары