«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

42 500 теңге алғандар қылмыстық жазаға тартылады деген әңгімеге нүкте қойды

42 500 теңге алғандар қылмыстық жазаға тартылады деген әңгімеге нүкте қойды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Соңғы төрт-бес күн бойы қоғамда 42500 теңгені алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады деген пікір көп тарады

НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik. Бірде бір адам 42 500 теңге алғаны үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр соңғы төрт-бес күн бойы қоғамда 42500 теңгені алғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады деген әңгіме көп таралып жатқанын айтты. Оған БАҚ беттерінде жарық көрген заңгерлердің мақалалары түрткі болған.  

"Заңгерлер мен адвокаттар қылмыстық кодекстің алаяқтыққа қатысты баптарын талқылап, соны 42 500 теңгемен байланыстырған. Олар "министр Нұрымбетовтің ешкімді тексеріп жатпаймыз" деген сөзін жұмыс берушілер пайдаланып, жалған мәлімет беруі мүмкін деп жазған. Осыған байланысты, құрметті қазақстандықтар, тағы да қайталап айтамын: бірде бір адам 42 500 теңгені алғаны үшін, тіпті жіберген қатесі үшін қылмыстық жазаға тартылмайды. Оған негіз жоқ, осыған нүкте қояйық", - деді Нұрымбетов онлайн брифингте.


sputniknews.kz
Автор
Айбар