KZNEWS.KZ
Спорт

"414 млн теңге жымқырған": «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубының бұрынғы басшысы іздеу жарияланды

• Жарқын Омаров
ашық дереккөз

Ведомствоның мәліметінше, 1954 жылы туған Қазақстан азаматы бюджет қаражатын жымқырып, салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген. Тергеу нұсқасы бойынша, мемлекетке келтірілген шығын 414 миллион теңгеден асады.

Тергеу материалдарына сәйкес, Лория бас бухгалтермен және басқа да адамдармен сөз байласып, қаржылық құжаттарды қолдан жасаған. Сондай-ақ бюджет қаражатының жеке шоттарға заңсыз аударылуын ұйымдастырып, бухгалтерлік және салық есептілігіне жалған ақпарат енгізген деген күдік бар.

Атап айтқанда, декларацияларда қызметкерлердің табысы, жалақы қоры мен ұйымның жылдық жиынтық табысы нақты көрсеткіштен төмендетіліп жазылған.

Айта кетейік, 2023 жылы «Қызыл-Жар СҚ» футбол клубын қаржыландыруға жергілікті бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген.

ҚМА күдіктінің жүрген жері туралы ақпарат білетін азаматтарды +7 (7172) 70-84-78 нөмірі арқылы агенттіктің кезекші бөліміне хабарласуға шақырды.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →