KZNews.kz
Шоу-бизнес

40 миллион теңге пара: қазақстандық үш бірдей шенеунік сотталды

KZNEWS

ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент және Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастықтары сотталды, - деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі.

Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербисов пен Шымкент төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мадияр Жақсыбаев 5 жылға, Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Ізбасаров9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Олар бизнес өкілінен кәсіпкерлік қызметіне қамқорлық жасағаны үшін жалпы сомасы 39,7 миллион теңге сомасында пара алған.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары