Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

39 адамның қазасына қатысты іс бойынша тағы бір күдікті ұсталды

39 адамның қазасына қатысты іс бойынша тағы бір күдікті ұсталды

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

10 0 0

Британияда отыз тоғыз вьетнамдықтың қазасына қатысты іс бойынша тағы бір күдікті ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Британиялық полиция 39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында "абайсызда өлтірді" деген күдікпен тағы бір ер адамды ұстады, деп хабарлайды Эссекс графтығының полициясы.

РИА Новости мәліметінше, дүйсенбі күні Пурфлит қаласының 36 жастағы тұрғыны құрықталған.

"39 вьетнамдықтың қазасы туралы істі тергеу аясында абайсызда адам өлтірді, адамдарды заңсыз тасымалдап, көші-қонды жүзеге асыру мақсатында сөз байласты деген күдікпен ер азамат ұсталды", - делінген Twitter-де жарияланған полиция мәлімдемесінде.

Бұған қоса, құқық қорғаушылардың дерегінше, қазіргі таңда күдікті жауап алу үшін қамауға алынды.

Еске салсақ, 23 қазан күні Эссекс графтығының полициясы Ұлыбританияға Бельгиядан келген жүк көлігінен 39 адамның денесін тапты.

Бастапқыда олар Қытай азаматтары деген болжам жасалды, дегенмен кейін марқұмдардың вьетнамдықтар екені анықталды.

Тағы оқыңыз: Жүк көлігінен табылған 39 адамның неден өлгені анықталды

Полиция бірнеше адамды ұстады. Олардың қатарында жүк көлігінің жүргізушісі - Солтүстік Ирландияның 25 жастағы Морис Робинсон есімді азаматы бар.

Тағы оқыңыз: "Анашым, кешір": жүк көлігінде өлі табылған 39 адамның соңғы жазбалары жарияланды


sputniknews.kz
Автор
Данияр