ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

38 миллион теңгеге салынған "алтын дәретханалар" халық игілігіне жарамай қалды

38 миллион теңгеге салынған "алтын дәретханалар" халық игілігіне жарамай қалды

Атырауда бюджет қаражатына алынған қоғамдық дәретханалардың игілігін халық көре алмай отыр. Дәретханалардың көпшілігі жабық күйде, ал ашықтарының ішінен қолаңса иіс шығады, деп хабарлайды Kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Атырау қаласының әкімдігі 2020 жылы 38 млн теңгеге бес қоғамдық дәретхана сатып алды. Халық арасында "алтын дәретхана" аталып кеткен бұл нысандарды халық көп жүретін жерлерге қойған болатын. Бірақ екі жыл өтсе де, дәретханаға арыз-шағым әлі көп.

Дәретханалардың көпшілігі жабық күйде тұр. Тұрғындар бюджет қаражатына сатып алынған "алтын дәретханалар" халық игілігіне жарамаса да, неге сатып алынғанын түсінбейді.

“Бес дәретхананы осыншама қаржыға алғанын білгенде, жағамды ұстадым. Осы ақшаға көпбалалы аналар мен жарымжан жандарға үш пәтер сатып алуға болатын еді. Сатып алды да, есігін құлттап қойды. Алдында ашық тұрғанына кіріп едім, басым ауырып, жүрегім айнып шықтым”, – дейді зейнеткер Әлия Ахметжанова.


Дәретханалар жаңа болса да, қазіргі жағдайы нағыз антисанитария – есіктері сынған, қолаңса иіс қолқаны қабады, су дұрыс жүрмейді, тіпті дәретхананың су жинайтын орны сынып қалған.

Ал кейбір дәретхананы әкімдік кәсіпкерлерге беріп қойған. Олар өз кезегінде бюджет қаржысына алынған дәретхананы ақылып қылып қойған. Тіпті түбіртек те бермейді.

Қала әкімдігі болса барлық дәретхана уақытылы жұмыс жасап отыр дейді.

“Дәретханалар түнгі уақытта жабық болады. Оларды тазалап ұстауға "Арнаулы автобаза" ЖШС қызметкерлері жауапты. Барлық шағымдарды қарастыратын боламыз”, – дейді қала әкімдігіндегілер.

Әкімдік түнгі уақытта дәретханалардың жабық болатынын мойындады. Ал халық түнгі уақытта ғана қыдыруға шығады.
Автор
Айбар