Көмірге көңіл ауды: кен өндіру 128,9 млн тоннаға жетпек
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

35 жылдан кейін қайта оралған ұшақ: бортынан адам қаңқалары табылған рейс туралы жұмбақ оқиға

35 жылдан кейін қайта оралған ұшақ: бортынан адам қаңқалары табылған рейс туралы жұмбақ оқиға

1954 жылы Сантьягодан ұшқан 513-рейстің кенеттен жоғалып кетуі – тарихтағы жалғыз жұмбақ оқиға емес. Дегенмен бұл оқиға әлі күнге дейін адамдардың қиялын қозғап, түрлі болжамдарға себеп болып келеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 1954 жылдың 4 қыркүйегінде болған деп айтылады. Ұшу әдеттегі рейстердің бірі ретінде жоспарланған. Ұшақ бортында 88 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.

Жолаушылардың барлығы қарапайым адамдар еді. Ұшақ ішінде тыйым салынған немесе құпия жүк болмаған. Алайда ұшақ көкке көтерілгеннен бірнеше сағат өткен соң, Атлант мұхитының үстінде келе жатқан кезде кенеттен радардан жоғалып кеткен. Ол бір сәтте мүлде болмағандай із-түзсіз кеткен.

Мамандар әуелі әуе кемесі басқарудан айырылып, мұхитқа құлаған болуы мүмкін деген болжам жасаған. Бірақ бұл нұсқаға бір жайт күмән тудырды: жерге ешқандай апат дабылы түспеген. Ұшақ бір сәтте бар болып, келесі сәтте жоқ болып кеткендей әсер қалдырған. Борттағы адамдардың барлығы қаза тапты деп жарияланған.

Бұл апат туралы сол кезде газеттер көп жазды. Жұрт оны көшеде де, үйде де талқылады. Бірақ уақыт өте келе өмір өз арнасына түсіп, күнделікті тіршілік бұл оқиғаны ұмыттыра бастады. Көп ұзамай жұрт жұмбақ рейс туралы айтуды доғарды.

Алайда 1989 жылы бұл оқиға қайта еске түскен. Түскі уақытта Бразилияның Порту-Алегри әуежайының радарында белгісіз ұшақ пайда болған. Әуе диспетчерлері бірден ұшқыштармен байланыс орнатуға тырысқанымен, жауап болмаған.

Ұшақ жерге қонғаннан кейін оған қауіпсіздік қызметкерлері жақындаған. Сол кезде олар күтпеген жағдайға тап болған. Біріншіден, ұшақтың сыртында Santiago Air Lines деген жазу болған. Бұл әуе компаниясы 1956 жылы жабылып қалған еді. Екіншіден, борт нөмірі – 513. Дәл осы нөмірлі ұшақ 1954 жылы жоғалып кеткен. Үшіншіден, ұшақтың сыртқы көрінісі мүлде ескірмеген, тіпті жаңа күйінде қалғандай көрінген.

Қауіпсіздік қызметкерлері бортқа көтерілгенде, одан да қорқынышты көріністі байқаған. Ұшақтағы жолаушылар мен экипаж мүшелерінің барлығы қаңқаға айналған екен. Ал ұшақты кім және қалай қондырғаны жұмбақ күйінде қалған.

Кейін ғалымдар бұл оқиғаға қатысты түрлі болжам айтты. Кейбіреулер ұшақ уақыт пен кеңістіктегі «құрт тесігіне» түсіп кеткен болуы мүмкін деген теория ұсынды. Яғни, рейс жарты ғасырға жуық уақыт басқа өлшемде қалып қойған болуы ықтимал. Бұл болжам бойынша, біздің әлемде ондаған жыл өтсе де, өзге кеңістікте ұшақ үшін небәрі бірнеше минут қана өткен болуы мүмкін. Сондықтан жолаушылар ештеңе сезбеген деген жорамал айтылған.

Дегенмен бұл оқиғаның шынайылығына күмәнмен қарайтындар да бар. Жұмбақ оқиға туралы ақпараттың күдікті түрде тез ұмытылуы кейбір зерттеушілерді мұның жай ғана газет ойдан шығарған аңыз болуы мүмкін деген пікірге әкелген. Интернет бүгінгідей дамымаған заманда кез келген оқиғаны ойдан құрастырып, адамдарды соған сендіру әлдеқайда оңай болғаны рас.

Соған қарамастан, уақыт пен кеңістікке қатысты мұндай құбылыстардың болуы мүмкін екенін жоққа шығармайтындар да бар. Тіпті Эйнштейннің теорияларында кеңістік пен уақыттың күрделі табиғаты туралы айтылған. Әлем халықтарының фольклорында да уақыт өзгеше ағатын мекендер туралы аңыздар көп кездеседі. Мұндай сарын жапон, неміс және басқа да халықтардың ертегілерінде бар.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер