Тоқаев Қытайдағы алапат жарылысқа байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

334 млн теңгелік алаяқтық: Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

334 млн теңгелік алаяқтық: Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Таразда автосалонның бұрынғы менеджері ірі көлемдегі алаяқтық үшін сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Қаланың 25 жастағы тұрғыны автосалонда сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеп жүріп, клиенттер мен жұмыс берушісін алдаған. Тергеу деректеріне сәйкес, ол клиент әйелге құны 90 млн теңге тұратын көлігін жаңасына ауыстырып беруге уәде етіп, автокөлікті сатып жіберіп, қаражатты өз пайдасына жұмсаған. Кейін бұл әрекетін жасыру үшін басшылықтың рұқсатынсыз автосалонға тиесілі 83 млн теңгелік жаңа көлікті клиентке берген.
Бұдан бөлек, айыпталушы сатуға қалдырылған құны 68 млн және 34 млн теңге болатын автокөліктерді сатып, ақшасын иемденген. Сондай-ақ, автосалон меншігіндегі құны 59 млн теңге тұратын жаңа Toyota Land Cruiser көлігін төмен бағамен өткізіп жіберген.
— Сот оны аса ірі мөлшерде алаяқтық және сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену баптары бойынша кінәлі деп таныды. Алғашқы үкіммен оған 5 жыл 1 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Бұл ретте сот оның жасын және кінәсін ішінара мойындауын жеңілдететін мән-жай ретінде ескерген. Алайда прокурордың наразылығы негізінде кассациялық сот істі қайта қарап, жаза мерзімін 8 жылға дейін ұлғайтты. Себебі келтірілген материалдық шығын өтелмеген, — делінген хабарламада.
Мамандар азаматтарға көлік сатып алу кезінде сақ болуға кеңес береді. Атап айтқанда, келісімшарт талаптарын мұқият тексеріп, құжаттардағы мөрлердің сәйкестігіне көз жеткізу және төлемнің тікелей компанияның ресми шотына түскенін бақылау қажет.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.