ка

3,2 млн теңге залал: бұрынғы шенеунікке айыппұл салынды

03.06.2025 17:49
0
3,2 млн теңге залал: бұрынғы шенеунікке айыппұл салынды
фото: goszakupki.tatarstan.ru
Экс-шенеунік аффилирленген компанияны заңсыз тартып, мемлекетке миллиондаған залал келтірген.

Бұрынғы лауазымды тұлға қызметтік көлікті жөндеуге аффилирленген компанияны заңсыз тартқаны үшін жауапқа тартылды, деп хабарлайды kznews.kz сайты cmn.kz порталына сілтеп.

Антикор баспасөз қызметінің мәліметінше, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің экс-басшы орынбасары Б. Жолтай қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

– Ол қызметтік автокөлікті жөндеуге аффилирленген компанияны заңсыз тарту арқылы мемлекетке 3,2 млн теңге көлемінде залал келтірген, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен Жолтай 3,4 млн теңге айыппұл төлейтін болды. Сонымен қатар, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий