ка

3 шілдеге ауа райы болжамы: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент

02.07.2019 22:18
0
8

Қазгидромет ескерткендей, 3 шілдеде кей өңірдерде ауа райы күрт бұзылады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 3 шілдеге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ елордада ауа-райы күрт бұзылатыны туралы дабылды ескерту жарияланған.

"Қазақстанның солтүстік пен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Ал оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі. Республиканың оңтүстік-батысында ғана ауа-райы жауын-шашынсыз болады", - деп хабарлайды метеоқызмет.

Сонымен бірге 3 шілдеде жел күшейіп, бұршақ жаууы да әбден мүмкін.

Ірі қалалардағы ауа-райы

  • 3 шілде күні Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнап, жел соғады. Бұршақ түседі. Ауа температурасы 22-23 градус жылы болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 23 м/с.
  • Алматыда күн құбылмалы, жаңбыр жауады. Күндіз термометр 18-23 градусқа дейін нөлден жоғары көтеріледі.
  • Ал Шымкентте 28 градус ыстық болады. Синоптиктердің болжамы бойынша, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Өңірлердегі ауа-райы

3 шілде күні Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде қатты жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, дауыл соғады. Сондай-ақ бұршақ түсуі мүмкін. Желдің екпіні - 28-30 м/с.

Қостанай облысының тұрғындарына да қолшатыр ұстауға тура келеді. Ертең өңірде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні, әсіресе, түнде 23 м/с дейін жетеді.

Таңертең Ақтөбе мен Қызылорда облыстарында күн бұзылады. Бұл өңірлерде де найзағай ойнап, жел соғады.

Тағы оқыңыз: Астролог шілде айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?

Түркістан облысында шаңды дауыл болуы ықтимал. Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Атырау мен Қызылорда облыстарында жел тұрады.

Ал Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан мен Шығыс Қазақстанда желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Сонымен бірге синоптиктер Қызылорда, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл мен Алматы облыстарында өрт қаупі бар екенін ескертті.


sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий