"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды

"3 бала әкесіз қалды" – Қарағандыда теміржолшы поездың астына түсіп, мерт болды

Қарағанды облысында теміржолда қайғылы оқиға тіркелді. 3 мамырға қараған түні Жаңа-Қарағанды станциясында жүк пойызы теміржолшыны басып кетті, деп хабарлайды kznews.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пойыз сағатына шамамен 60 шақырым жылдамдықпен қозғалған. Машинист шұғыл тежегішті қолданғанымен, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмаған.

Қаза тапқан азамат 1977 жылы туған, 4-разрядты монтёр болған. Ол теміржол саласында 28 жылдан астам уақыт еңбек еткен. Оқиға кезінде ол құрал-саймандарды күзету қызметінде болған. Марқұмның артында үш баласы қалды, олардың екеуі кәмелетке толмаған.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, адам өліміне әкелген теміржол көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.