Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

3 адам ауыр хәлде ауруханада жатыр

3 адам ауыр хәлде ауруханада жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Шымкенттегі бірінші қалалық ауруханаға Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жеткізіле бастады.

Аурухананың бас дәрігері Абылай Донбай үш адамның қазір ауыр хәлде жатқанын хабарлады. Барлығы он шақты адам ауруханаға түскен, деп хабарлайды otyrar.kz.

"Зардап шеккендер жеткізіле бастады, оларды қабылдап, қажетті көмектің бәрін көрсетіп жатырмыз", - деді Донбай.

Айта кетсек, Арыстағы төтенше жағдайларға байланысты Ордабасы ауданында дәрігерлік штаб құрылған. Оны Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мұқан Егізбаев басқарады.

Жедел жұмыстар жүргізілуде. Пациенттерге арналған 200-ден астам төсек орталық аймақтық аурухана мен облыстық клиникалық ауруханада дайындалды. Арысқа 30 жедел жәрдем жіберілді. Қажет болған жағдайда бірнеше аудандардан қосымша жедел жәрдем көліктері дайындалады.


sputniknews.kz
Автор
Еркебұлан