Қазақстанда президент төтенше жағдай режимін енгізуіне байланысты 16 наурыздан бастап көпшілік шараларға уақытша тыйым салынды. Нұр-Сұлтан мен Алматы, сондай-ақ облыстар карантинге жабылды. Мемлекеттік органдардың отырыстары да онлайн-режимге көшті. Алайда біз алдағы күндерге жоспарланған шаралар туралы хабардар етеміз.
28 сәуірге жоспарланған шаралар
09.00 - Үкімет отырысы. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тауар өткізу жүйесін құру және кеңжолақты интернетті қолжетімді ету мәселесі қаралады (отырыс онлайн режимде Primeminister.kz сайтында және үкіметтің әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарында көрсетіледі).
10.30 – Халықаралық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы (отырыс онлайн режимде www.parlam.kz сайтында көрсетіледі. Байланыс телефоны: +7 702 263 88 92).
11.00 - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов Арманжан Байтасовтың инстаграмында өтетін онлайн конференцияға қатысады. Ол кейбір дәрігерлерге неге үстемеақы берілмегенін түсіндіріп, қор қаражаты қалай жұмсалатынын айтады.
12.00 – Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі "Суретші Сергебаевтың шығармашылығы" атты видеодәріс өткізеді. Мәтінді Гүлнұр Жұбанова оқиды (Трансляция мәдениет және ақпарат министрлігінің Facebook парақшасында).
17.00 – Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының актері Жанат Тыныбаевпен тікелей эфир (Трансляция театрдың @auezovtheatre Instagram парақшасында).
17.00 – Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында "Язычники" (+18) қойылымы трансляцияланады (театрдың Youtube каналында көрсетіледі).
17.30 - Халықаралық валюта қорының "Кавказ және Орталық Азия елдеріндегі өңірлік экономиканың даму перспективалары" атты баяндамасы таныстырылады.
29 сәуірге жоспарланған шаралар
18.00 - Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының "Шығармашылық карантин" айдары. Қонақта – драматург Олжас Жанайдаров (Трансляция – @aibolatjangaliuly).
30 сәуірге жоспарланған шаралар
10.00 –Сенаттың пленарлық отырысы (Отырыс онлайн режимде палатаның ресми сайтында көрсетіледі).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.