KZNews.kz
Қоғам

25 жылдан кейінгі қауышу: АҚШ-та өскен қазақ қызы туған ата-анасына оралды

Ayzhan Sylanova

Оқиға тарихы 2000 жылдан бастау алады. Батыс Қазақстан облысының тұрғынына перзентханадан жаңа туған нәрестесінің шетінеп кеткені туралы хабарланған. Алайда арада ширек ғасыр өткен соң, қыздың тірі екені белгілі болды.

Қазіргі таңда бойжеткен АҚШ-тағы асырап алған әкесімен бірге тарихи отанына оралып, көп жылдан кейін туған ата-анасымен қауышты. Әпкесі Айымгүл бұл әсерлі сәтті бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Құзырлы органдар аталған дерекке байланысты тергеу амалдарын бастады. Бүгінде үш дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Тергеу нұсқасына сәйкес, олар нәрестені заңсыз жолмен шетелге жіберген деген күдікке ілінген.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары