Шоу-бизнес

«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті

«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті

3 жылдан кейін адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті. Бұл туралы Massaget.kz жазды.

Видео mamacita.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Видео кейіпкері Әйгерім - 6 баланың анасы. Ол 25 жыл бойы тіссіз жүрген.

"12 жастан бері тісім жоқ. Бауырларым футбол ойнап жатқанда кірпішпен тісіме тиіп кетті", - дейді ол.

Әйел мектепте де тіссіз жүріп, тіпті күйеуге шыққанда да қымсынбаған.
"Тіссіз жүріп, 4 баламды дүниеге әкелдім. Қасым болса екен деп армандаймын. 35 жылдан кейін қасым көрінсе екен деймін", - деді әйел.

Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне тәнті болып, пікір қалдырған.
"Әр әйел бақытты болуға лайық", "Әйелдің бәрі әдемі дегеннің тағы бір көрінісі. Ақша мен мүмкіндік болса, бәрін жасауға болады", - деп жазған олар.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz